"Сүйікті немерең мектеп бітіргенде". Концертте би билеген әже Қазнетті тәнті етті

"Сүйікті немерең мектеп бітіргенде". Концертте би билеген әже Қазнетті тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде концертте би билеген әженің видеосы тарады. Желі қолданушылары әженің бұл өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Shyndykz Instagram-парақшасында пайда болды. Онда әженің алдына жан салмай билеп тұрғаны көрсетілген. Ал видеода "сүйікті немерең мектеп бітіргенде" деп жазылған. 

Желі қолданушылар ырғақпен билеген әженің өнеріне тәнті болып, пікір қалдырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әр қазағым жалғызым ?? (@shyndykz)

"Бәрімізге немеренің 11-сыныпты аяқтауын тойлауға жазсын. Бұған екінің бірі жете бермейді, мен де немеремнің мектеп бітіру кешінде билер едім", "Баланың аман-есен мектеп бітіргені, аман-есен әскерден келгені, үйленгені, жалпы аман жүргені ана үшін баға жетпес бақыт қой", "Немеренің әрбір қуанышы - ата-әже үшін үлкен бақыт. Қуанып тұр, ерсі ештеңе істемеді", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек