ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігінің аяқталуына 9 күн қалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігінің аяқталуына 9 күн қалды
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігінің аяқталуына 9 күн қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр 11 маусымда Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарғанын хабарлаған болатын. 

"Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды", - деген еді Руслан Желдібай.

Еске салайық, 2017 жылы 15 маусымда Ахметов 63 жасқа толған болатын. Сол кезде Даниал Ахметов ресми түрде зейнетке кетуі мүмкін екені хабарланған. Алайда оның өкілеттігі 2022 жылға дейін созылған еді. Ал былтыр Ахметовтің өкілеттігі тағы бір жылға созылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина