Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, бүгін, 1 маусымда Интернационал көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.

38 жастағы ер адам Audi 89 автокөлігімен келе жатып, көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.

48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.

Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл полиция басқармасына жолданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!