Тоқаев Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне барады

Тоқаев Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне барады
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда жұмыс сапарымен Түркия астанасы Анкараға барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шақырған.

Осы күні Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан