- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүгін еліміздегі барлық...
Бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылады
Бүгін, 1 маусымда Қазақстанның барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты соңғы қоңырау рәсімі жоспарланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда 3,7 миллионнан аса мектеп оқушысы оқу жылын аяқтап жатыр. 11-сыныпты 172 мың түлек бітірсе, оның 6,8 мыңы - "Алтын белгіге" үміткер.
Оқу жылының аяғында балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында бүгін, 1 маусымда мерекелік шаралар жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты түрде табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бітіру емтихандары 9-сыныпта төрт пән бойынша 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін бес пән бойынша 5-19 маусым аралығында өтеді.
Биыл Қазақстанда алғаш рет мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Жаңа ереже бойынша ел мектептерінде оқу жылы 36 аптаға созылады. Ол 1 қыркүйекте басталып, 1 маусымда аяқталады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бес күндік кезеңді енгізу үшін оқу жылын ұзарту қажет болды. Алдыңғы тәртіпке оралу алты күндік оқу жоспарына немесе пән бойынша сабақ сағатының қысқаруына әкелуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек