- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жыл бойы сабақ...
"Жыл бойы сабақ өткізбеген". Көктөбе мектебінің басы дауға қалды
Оқу жылы аяқталып жатқанда Павлодар облысындағы мектептердің былықтары ашылып жатыр. Мәселен, Май ауданының орталығы Көктөбедегі қазақ мектебіне тексеру жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік біраз кемшіліктерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білім ұясының бұрынғы директоры, қазіргі таңда аудандық кітапхананың басшысы Санял Зілкенов, мектептен факультативтік сабақтар алған. Өзімен бірге баласына және декретте отырған әйеліне де факультативтік сабақтар алып берген. Алайда, ешқайсы жыл бойы сабақ өткізбепті.
«Түскен шағымдар бойынша облыстың бірқатар мектептеріне тексеру жүргізіп сараптама жасалып жатыр. Мониторинг аяқталғаннан кейін толық ақпарат тарататын боламыз», -дейді Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен.
Көктөбе мектебінде тексеру жүріп жатқанын Май аудандық білім беру бөлімінің басшысы да растады. Сонымен қатар, құзырлы орган Май аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісінің де мектептен факультативтік сабақтар алғанын анықтаған. Ал, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Темірболатова, мемлекеттік қызметшінің қосымша жұмыстармен айналысуына тыйым жоқ дегенді алға тартады. Темірболатованың айтуынша, мектептің экс-директоры мемлекетке келтірген шығында қайтарған. Әйтсе де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік соңына дейін тергеу жүргіземіз дейді.
Е. Базарқұл
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы