"Тыныштық берсеңдерші". Төреғалидің өкілі әнші жол ережесін бұзды деген ақпаратқа жауап берді

"Тыныштық берсеңдерші". Төреғалидің өкілі әнші жол ережесін бұзды деген ақпаратқа жауап берді
Фото: коллаж

Желіде Cadillac Eskalade маркалы көлікті полиция қызметкерлері тоқтатып тұрған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары ол көлікті тізгіндеген әнші Төреғали Төреәлі деп топшылаған. Алайда әншінің ресми өкілі бұл ақпаратты растамады.

"Жоқ, бұл Төреғали Төреәлінің көлігі емес", - деп жауап берді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кyzykorda | Kyzylorda (@kyzykorda.kyzylorda)

Ал желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Төреғали келді деп жол ашып тұру керек пе?", "Ол кім сонша", "Дұрыс заң бәріне ортақ", "Тыныштық берсеңдерші", - деп жазды олар.

Айта кетейік, Қызылорда қалалық ПБ-ның қызметкерлері рейд барысында жол ережесін бұзған Cadillac Escalade жүргізушісін мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік басқарғаны және көліктің алдыңғы терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатқан.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Жүргізуші 7 күн ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін пайдаланып, әкімшілік айыппұлдарды төлеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы