- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аула сыпырушының көңілді...
Аула сыпырушының көңілді видеосы Қазнетті тәнті етті
Әлеуметтік желіде аула сыпырушы ағайдың жұмыс істеп жүріп билеген көңілді видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Алматыда түсірілген. Кадрлардан коммуналды қызметкер Crazy In Love әніне билеп, бір жағынан жұмыс істеп жүргенін көруге болады. Сондай-ақ, оны көрген бір топ жас аула сыпырушының биіне қосыла жөнелген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазған:
Жаны бай адам;
Көңілі бай адамдар ешқашан қартаймайды;
Қандай күшті;
Өмір жасы ұзақ болсын;
Осылай өмір сүру керек.
29 мамырда Алматыда билеп жүрген ер адамды суретші Әсем Сүлейменова видеоға түсірген.
"Ол адамды көріп, көңіл-күйім көтерілді, сөйтіп, түсіріп алуды шештім. Ер адам Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжіне жақын маңда билеп жүрді. Менің ойымша, онда бітіру кешіне би дайындығы жүріп жатты", - дейді Әсем.
Tengri Life тілшісі роликтің кейіпкерін тапқан. Видеода Бостандық ауданының жол жұмысшысы - Владимир Алексеевич Легостаев. Бір қызығы, оның бүгін туған күні. Ол 66 жасқа толып отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі видео қуанышты сәтке тамаша сыйлық болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова