- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Ердоғанды Түркістанға...
Тоқаев Ердоғанды Түркістанға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайып Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін айтты.
Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Түркия президенті Мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілек білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова