15 жастағы жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді

15 жастағы жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Tengrinews

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 мамырда Щапов ауылында болған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 16 жастағы жасөспірім жеткізілген. Тексеріс кезінде оның қайтыс болғаны анықталған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі жасөспірім есін жимастан қайтыс болғанын айтты.

Басылым мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталған. Сараптама тағайындалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова