Әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетіні белгілі болды

Әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетіні белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина