СҚО-да ауылдық округ әкімі журналистің репортажынан кейін инсульт алып қалған

СҚО-да ауылдық округ әкімі журналистің репортажынан кейін инсульт алып қалған
Фото: "Обожаю" YouTube-арнасының кадры

СҚО-дағы Астрахань ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатаев журналистің ауыл туралы репортажынан кейін ауруханаға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚХП бөлімшесінің төрағасы Ерғали Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған. 

"Кеше кешкі тоғыз шамасында Руслан Қабатаев инсульт алып, СҚО-дағы Облыстық ауруханаға. Қазір ол аурухананың инсульт орталығында жатыр, жағдайы тұрақты", - дейді Жұмағұлов. 

Ол "квазисарапшылар, дилетант-псевдожурналистер мен қазіргі жүйе тарапынан қысым" жасалғанын айтқан.  

Айта кетейік, жақында журналист Асхат Ниязов Астрахань ауылдық округіне тұрғындардың өтініші бойынша келіп, бірнеше деректі жариялаған болатын. Солардың бірі - жергілікті билік округ әкімдігінде еден жуушы болып жұмыс істейтін қызметкерге ай сайын небәрі 20 мың төлейтіні жария болды. Сонымен қатар, журналист жасаған репортаждағы дерек бойынша, еден жуушы қажет химиялық заттарды өз қаражаты есебінен сатып алып жүрген. Репортажда бұдан да өзге деректер жария болған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина