Ақмола облыcтық білім басқармасы баға үшін өзіне қол салған студентке қатысты түсінік берді

Ақмола облыcтық білім басқармасы баға үшін өзіне қол салған студентке қатысты түсінік берді
Фото: pixabay.com

Ақмола облысы білім басқармасы баға үшін өзіне қол жұмсаған студентке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдайға байланысты Ақмола облысы білім басқармасының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 236 бұйрығына сәйкес, жасалған суицид фактісін зерделеу үшін жұмыс тобы құрылып, колледжге жіберілген.

"Шынында да, қазіргі уақытта колледжде бекітілген кестеге сәйкес 2022-2023 оқу жылының II жартыжылдығында аралық аттестаттау өтіп жатыр. 2023 жылғы 22 мамырда топ кураторымен әңгіме барысында студент мамандық бойынша үшінші емтихан тапсырып, "3" деген баға алды. Сол күні топ старостасы мұғалімге қайта тапсыру күнін белгілеу туралы өтінішпен қоңырау шалды, онда мұғалім қайта тапсыру мүмкін екенін түсіндірді және емтиханды қайта тапсыру күні мен уақытын басқа нұсқамен белгілеген. Келесі күні кураторға студенттің анасы ұялы телефонға қоңырау шалды, ол куратордан емтиханды қайта тапсыруға көмектесуін сұрады. Куратор пән бойынша оқытушымен сөйлесіп, онда соңғысы 2023 жылғы 23 мамырда сағат 14.00-ге қайта тапсыруға болатынын айтты, бірақ көрсетілген күні қайта тапсыруға келген қыз тесттердің басқа нұсқасы бойынша емтихан тапсырудан бас тартып, кетіп қалды", - делінген хабарламада.

​Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, олардың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда жуырда диплом алып, мұғалім болуды армандап жүрген колледж оқушысы өзіне қол салғанын жазған едік. Емтиханнан "үштік" баға алған қыз анасына жазған хатында "ұстаздар әділетсіздік қылды" деген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан