Желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды

Желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды
Фото: © instagram/marat_zhylanbayev

Желаяқ Марат Жыланбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, оған 2 ай мерзіміне күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы берілген.

"Сот күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді. 2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады", - делінген сот хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова