Қазақстанда жаңа медаль пайда болады

Қазақстанда жаңа медаль пайда болады
Фото: kstnews.kz

Президент ұлттық валюта - теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан теңгесінің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толу құрметіне қаулы етемін:

1. "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) "Теңгеге 30 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін", - делінген құжатта.

Жаңа пайда болған мерекелік медальді мына лауазымдағы тұлғалар Президенттің атынан табыстай алады:

  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;
  • Ұлттық банк филиалдарының, Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің және Ұлттық банк ұйымдарының бірінші басшылары;
  • Ұлттық банктің төрағасы айқындайтын уәкілетті тұлғалар.

Бұл медальмен теңгенің және қаржы жүйесінің дамуы мен нығаюына, мемлекетіміздің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ел және шетел азаматтары марапатталады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек