Путин Тоқаевты концерт залында күтіп алды

Путин Тоқаевты концерт залында күтіп алды
Фото: Akorda.kz

Президент Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына қатысу үшін "Зарядье" концерт залына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 25 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге  барды.

Бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан