Ғалымдар көз түсіне қарап қатерлі ісікке кімдер жиі шалдығатынын анықтады

Мыңдаған адамның медициналық жазбаларын талдауға негізделген зерттеу көздің түсі қатерлі ісікке бейімділікке әсер ететінін көрсетті.

АҚШ және Қытай ғалымдары бірнеше мың адамның деректерін талдап, қандай көздің түсі тері қатерлі ісігіне көбірек бейім екенін анықтады. Бұл туралы doctorpiter жазды.

Зерттеу АҚШ-та жүргізілді. Ғалымдар тері қатерлі ісігімен ауыратын 4000 науқастың деректерін қатерлі ісікпен ауырмаған 10 000 сау адаммен салыстырды.

Ғалымдардың қорытындысы

Браун университеті мен Пекин университеті ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде көзі ашық көк түсті адамдарда тері қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екені анықталды.

"Ашық қоңыр, жасыл немесе көк көзді адамдардың қара қоңыр және қара көзді адамдарға қарағанда терінің қатерлі ісігінің даму қаупі 24 пайызға жоғары. Көзінде пигменті аз адамдардың терісінде де пигмент аз болады. Ал пигмент ағзаны күн сәулесінен қорғайды", - деп жазылған зерттеуде.

Ғалымдар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, көздері ашық түсті адамдарды әсіресе күн астында абай болуға және терісін қорғау үшін күннен қорғайтын крем қолдануға шақырады. Сондай-ақ қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтау үшін тұрақты медициналық тексерулерден өту ұсынылады.

Көздің түсі тағы не туралы ескертеді?

Қара көзді адамдарда катаракта пайда болуы мүмкін.

Қоңыр көзді адамдар диабеттік ретинопатия (қант диабетінің асқынуы) және макулярлы дегенерация (мұндай өзгерістер тордың қабаттары ауысқан кезде пайда болады) сияқты ауруға шалдығу ықтималдығы аз.

Қоңыр көзді адамдар қартайған сайын есту қабілетінің жоғалуынан әлдеқайда аз зардап шегеді. Мұның нақты немен байланысты екені әлі анықталған жоқ.