Абай облысындағы орман өрті бір ауыл мен шипажайға қауіп төндіріп тұр

Абай облысындағы орман өрті бір ауыл мен шипажайға қауіп төндіріп тұр
Фото: instagram/oo_osa_semey_vko

Абай ауданындағы орман аумағында ірі өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 мамырда өртсөндірушілерге Ресейдің Алтай өлкесінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, өрттің "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерваты аумағына өткені туралы хабарлама түскен. 

"Абай ауданы аумағында, Бородулиха ауданында, Ауыл стансасынан 7 шақырым жерде өрт шықты. Ауылға және Березовка шипажайына қауіп төніп тұр. Алдын ала болжам бойынша, 57-70 гектар жер өртенген", - деді Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 41 адам, 14 техника мен бір командалық-штабтық көлік тартылды, орман шаруашылығынан 157 адам мен 44 техника, жергілікті атқарушы органның су тасығыш 4 КамАЗ жіберілді, сондай-ақ тракторлармен жерді жыртып жатыр. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері халықты хабардар етті.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында штаб ұйымдастырылды. Бөлім қызметкерлері дайындық үстінде. Жедел аймақтық штаб Ауыл кентінің кіреберісіне орналастырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан