Талдықорған тұрғыны қызына шабуыл жасаған қарақшыны ұстап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл дерек Талдықорған маңындағы "Үйтас" саяжай алабында тіркелген. 5 жасар қызын көлікте қалдырған ерлі-зайыпты жеке үйлердің біріне кіріп кеткен. Ал кейін жақын жерде жүрген адам балаға шабуыл жасап, телефонын тартып алып, көлікте тұрған әтірді ұрлап, жасырынып қалуға тырысқан.
Қыздың айқайын естіген әкесі ұрыны қуып жетіп, 102 нөміріне қоңырау шалып, оқиға орнына келген полицейлерге қаскөйді тапсырған.
"Ұсталған 22 жастағы ер адам мас болған. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені белгілі болды. Қазір тонау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деді Талдықорған полициясы өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!