2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогы жеңімпазы атанды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогы жеңімпазы атанды

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде топ жарды, - деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы. 

Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады. Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.

Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. Одан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан басым болды. Есеп: 45-44. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Испаниядан келген қарсыластарына сенімді түрде жеңді (45-32).

Жалпы, бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай
Logotype Massaget