- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстықта қалай терлемеуге...
Ыстықта қалай терлемеуге болады? Пайдалы кеңестер
Ыстық мерзімде терлеу – қалыпты. Егер жылдың қай мезгілінде де терлейтін болсаңыз, ол жоғары тершеңдік болып саналады. Егер сізді жоғары тершеңдік мазаласа, дәрігерге көрініп, одан арылудың жолдарын іздеу керек. Ыстық күндері терлеуді қалай азайтуға болады? Мына қарапайым кеңестерге көз жүгіртіңіз.
Дезодорантты антиперспирантпен шатастырмаңыз
Антиперспирант тер бездерін тарылтады, сол үшін тер аз бөлінеді. Дезодоранттар жағымсыз иістен ғана арылтады, яғни ол аз терлеуге көмектеспейді.
Антиперспирантты ұйықтар алдында қолданыңыз
Көпшілік жіберетін қателік – антиперспирантты дәл үйден шығарда шашу. Бұл жағдайда құрал сіңіп үлгермейді және оның әсері де онша болмайды. Ең болмағанда 10 минут күтіңіз, содан соң ғана киініңіз.
Сондай-ақ дәріханаларда ұйықтар алдында шашатын антиперспиранттар болады. Душқа түсіп, денеңіз құрғаған соң антиперспирант шашасыз. Мұндай құралдарды қолдану кезінде арасында үзіліс жасау керек, себебі тері демалуы тиіс. Сондай-ақ оны жаттығу алдында қолдануға болмайды.
Денедегі түктерден арылыңыз
Қолтықтағы түк ылғалды ұстап тұрады және жағымсыз иіс береді.
Жеңі жоқ киім таңдаңыз
Жеңі жоқ киімнен аз терлейсіз.
Киімге арналған ішпек қолданыңыз
Ішпек иіс пен терді сіңіріп алады және киімге із қалдырмайды. Оның бір реттік қолдануға арналған түрлері бар. Оларды киімнің ішкі жағына жабыстырады. Сондай-ақ жуып алуға болатын көп реттік түрі де болады.
Кең киім киіңіз
Киім денеге жабысып тұрған сайын қаттырақ терлейсіз. Сондықтан кең тұратын үлгідегі киім таңдаған жөн. Сондай-ақ мақта матаға мән беріңіз.
Өзіңізбен бірге дезодорант алып жүріңіз
Алайда оны таза теріге жағу керек. Сондықтан оны жақпас бұрын теріні ылғал майлықпен сүртіп алған дұрыс.
Артық киім алып жүріңіз
Егер жұмысқа жеке көлігіңізбен баратын болсаңыз, көлікте артық жейде немесе футболка алып жүруге болады. Кешке күтпеген жоспар пайда болса, таза киім киіп аласыз.
Ащы тамақтан бас тартыңыз
Кей өнімдер қарқынды тер бөлінуге әсер етеді. Оларға ащы бұрыш, дәмдеуіштер, пияз, сарымсақ, шалғам жатады. Ыстық күндері тұзды азырақ жеп, суды көбірек ішіңіз. Сондай-ақ сүттен және кофеден бас тартқан жөн.
А. Жапатова