Алматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның тұрғын үйлердің бірінің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы фото мен видео әлеуметтік желіде тарады.
"Видео Teracotta Almaty тұрғын үй кешенінде түсірілген - бір адам бүгін сол жерде мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, суицид жасаған", - делінген жазбада.
Алматы полиция департаменті мұны растады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл іс Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Болжам бойынша, өз-өзіне қол жұмсаған 2000 жылы туған В.есімді азаматша.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!