Ең сұлу боксшы қыздар жекпе-жегі аяқталды: Ангелина Лукас жеңілді

Ең сұлу боксшы қыздар жекпе-жегі аяқталды: Ангелина Лукас жеңілді
Фото: instagram/muzdi_______/angelina_lukas1997

Бокстан Петропавл қаласында өтіп жатқан Спартакиадада кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман жұдырықтасты. 54 килоға дейінгі салмақта үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен Балауса жеңіске жетті.

Бірінші раундта Мұздиман – 4:1, екінші раундта – 3:2, үшінші раундта тағы 4:1 нәтижесімен жеңіп шықты. Осылайша, 5:0 есебімен басым болды. Ал Ангелина Лукас жекпе-жек соңынан төрешілер шешіміне наразы екенін жазып, өкінішін білдірді.

Жекпе-жектің 1-раунды. Әр раундты осылай саламын. Қараңыздаршы, менің жеңісімді қалай жоқ қылғанын, тіпті жартылай финалға шығуға да мүмкіндік бермеді! Бұл салмақта Олимпиада жүлдесі жайлы айтудың өзі артық, - деп жазды Лукас instagram парақшасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)

Екі боксшы да кәсіпқой бокста бақ сынап көрген. Ангелина мамыр айында Ыстанбұлда мексикалық Анна Аррасоланы жеңіп, WBC International белбеуін иеленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балауса Муздиман (@muzdi_______)

Ал Балауса Мұздиман 20 мамыр күні кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізбек болған. Алайда осы Спартакиада үшін ол жекпе-жегінен бас тартып, бала арманы Олимпиада жолында тер төккісі келетінін айтқан еді.


Балауса мен Ангелинаның жекпе-жегі 1 сағат 34-минутта басталады

Екеуі де ұлттық құрама сапына ілігіп, Олимпиада ойындарында бақ сынағысы келеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПРОМОУТЕРСКАЯ КОМПАНИЯ (@newnames_promotions)

Балауса мен Ангелина бокстағы жанкүйерлер мен басылымдар ақпараты бойынша хас сұлулар саналады. Спартакиададағы бұл сұлулардың жекпе-жегі осындай нәтижемен аяқталды.

Ө. Сансызбай