Алматыда танымал оппозиционер Жасарал Қуанышәлин 75 жасында қайтыс болды

Алматыда танымал оппозиционер Жасарал Қуанышәлин 75 жасында қайтыс болды
Фото: "Ақ Жайық"

Алматыда белгілі оппозиция жетекшісі Жасарал Қуанышәлин 75 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрсұлтан Тастаев Facebook-парақшасында жариялады. 

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылды. Таныстарының айтуынша, ол инсульт алған.

Жасарал Мінажадинұлы Қуанышәлин - қазақ журналисі, оппозиционер, қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1949 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.

2022 жылғы сәуірде "Алға Қазақстан" партиясының негізін қалаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек