"Қонақтарымен жүре берсін". Дания Еспаева үкімет сағатына қатыспаған шенеунікке сәлем жолдады

"Қонақтарымен жүре берсін". Дания Еспаева үкімет сағатына қатыспаған шенеунікке сәлем жолдады
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде орнында болмай шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отырысты Дания Еспаева (вице-спикер) жүргізген.

Ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің микрофонын қосуды сұрады. 

Алайда ол орнында болмай шыққан. Осы кезде оның орнына басқа біреу қосылып, жағдайды түсіндіруге тырысқан.

"Құрметті әріптестер, құрметті депутаттар, саламатсыздар ма! Өкініше қарай, облысы әкімінің орынбасары орнында жоқ. Қазір облыста қонақтармен жүр еді", - деп жауап берді ол.

Дания Еспаева "Онда сіз жауап бермей-ақ қойыңыз, сол қонақтарымен жүре берсін. Әкім орынбасарына бізден сәлем айтыңыз, ақтаулықтар қонақжайлы, оны білеміз. Сізден онда жауап керек емес" деп микрофонды өшіртіп тастаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан