- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қожа Ахмет Ясауи...
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында ЛГБТ туын көтергендер жұрттың ашуына тиді
Әлеуметтік желіде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында тұрып, халықаралық лесбофобия, гомофобия, трансфобиямен күрес күнін тойлауға шақырғандар жұрттың ашуын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өздерін Feminita деп атаған үкіметтік емес ұйымның Желідегі парақшасында видео пайда болған. Кадрлардан Түркістандағы киелі жерде ЛГБТ туы көтерілгені көрінеді.
"Idaholbit құтты болсын. Алматыда бізбен бірге тойлауға келіңіздер. Idaholbit деген - барлық фобияға қарсы күн. Бәрін халықаралық гомофобия, трансфобия, лесбофобия, басқа фобия түрлеріне қарсы күнмен құттықтаймыз. Биыл Алматыда бірге тойлаймыз. Түркістанда да. Қасиетті жерге келіп, өз құқығымызды қорғауға үлес қостық", - дейді видеодағылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазған. Бір бөлігі Түркістанға байланысты даулы пікір айтса, енді бір тобы әркім өз пікірін айтуға құқылы екенін жеткізген.
"Әркім өз пікірін айтуға құқылы", "Құтты болсын, бірге болсын", "Мен ештеңе демеймін, бірақ неге дәл қасиетті жерде?", "Түркістанға бекер бардыңдар-ау", "Құтты болсын, кемпірқосақ астындағы асыл жандар", "Ұят, қасиетті жерге де жеттіңіздер ме?" - дейді Желідегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова