Дәрігерлер қан ұюдың білінбейтін белгісін атады

Дәрігерлер қан ұюдың білінбейтін белгісін атады
Фото: championat.com

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің дәрігерлері тамыр тромбозы (қанның ұюы) деп аталатын қауіпті аурудың хабаршысы болатын симптом туралы ескертті. Бұл туралы Daily Express жазды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл білінбейтін белгілердің бірі – аяқтың немесе қолдың кенеттен ауруы. Жағымсыз сезімдер жиі-жиі пайда болып, кейін қайтадан жоғалып кетуі мүмкін. Бұл кезде адамның қолында не аяғында ісік немесе ауыратын қандай да бір жарақаттар болмайды.

Бұл симптом, әдетте, қан ұюдың дамуына дейін көрінеді. Көбінесе адам ұзақ уақыт отырғанда немесе тұрғанда ыңғайсыздықты сезінуі мүмкін.

Дәрігер Омар Әбу-Бәкір қанның ұюы алдымен аяқта көрінетінін айтады.

Терең тамыр тромбозы қауіпті болуы мүмкін. Себебі қан ұйыған тамырлар үзіліп кетеді. Ұйыған қан өкпеге кептеліп, қан ағынын тежейді", - дейді дәрігер.

Дәрігерлер симптом әрқашан тромбозды көрсетпейтінін атап өтеді. Дегенмен екі немесе одан да көп апта бойы ыңғайсыздық жағдайы тұрақты болса дәрігермен кеңесу керек.

Т. Раушанұлы