Қызылордалық тұрғын бөтелкеден монша салды

Қызылордалық тұрғын бөтелкеден монша салды
Фото: Автордан

Бос шыныға "жан бітірген" жағдайлар Қызылорда облысында баршылық. Соның бірі Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл тұрғыны Әбдіқайым Атақожаев шыны бұйымнан монша салған. Ол үшін 4 мыңға тарта бөтелке қажет болыпты.

"Монша салу керек екенін көптен айтып жүргенбіз. Кірпішке шығынданғалша тегін дүниені пайдалану туралы ойға келдім. Тойханалардан шыққан, далада жатқан ыдыстарды керегінше жинадық. Құрылысты ұлымыз екеуміз бір жазда аяқтадық", - дейді ол.

Шынылардың арасын ағамыз цемент ерітіндісімен бекіткен. Едені мен төбесін бетоннан әзірлеген. Кәнігі құрылысшы болған соң кейіпкерімізге ерекше монша салу қиын тиген жоқ.

Бөтелкені бұлай пайдаланудың бірінші артықшылығы - үнемді, екінші тиімділігі - беріктігі сондай ұзақ жылға дейін қалпын бұзбайды.

Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы