"Шақырса әрине келемін". Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнаға қайта оралды

"Шақырса әрине келемін". Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнаға қайта оралды
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнаға қайта оралғанын, тіпті арнайы этно топ құрып жеке кешін өткізетінін жеткізді.  "Жұлдыз ФМ" студиясында қонақта болып, шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берген әнші болашақ жоспарларымен де бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сахнада жүргеніне келесі жылы 20 жыл толады екен.

"Биыл сахнада жүргеніме 19 жыл болса, келесі жылы 20 жыл толады. Өзімнің шәкірттерімнің басын біріктіріп елімізде гостроль жасаймыз. Өңірлерге барып, ағайындардың батасын алып, жеке ән кешімнің нүктесін Алматы немесе Астана қаласында қоямын" , - дейді әнші.

Өнер иесі, болашақта кино әлеміне қадам басатынын айтты. Өнерпаз әзірге ізденіс үстінде екен. Бірақ елдің ықыласына бөленіп үлгерген жаңа топты құрыпты.

"Этно-топ құрдым.  Рабат деген негізі Отырар деген қала. Сыр еліндегі қаланың бірі. Соның құрметіне тарихқа үңіле отырып, топты құрдым. Енді топты жетекшілік етіп барынша елдің ықыласына бөленеді деген ойдамын. Бірақ бұл топты жалғыз өзім емес тағы бір компаниямен серіктес болып құрдық. Алматы қаласында өнер көрсеткенде алғаш рет әкім марапатын алды. Енді осы топ бар тағы да басқа өнерпаздармен елді-жерді аралап, концерт бермекшіміз" , - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Сондай-ақ, өнерпаз режиссерлардан киноға түсуге ұсыныс түссе міндетті түрде бас тартпайтынын жеткізді.

Осыған дейін Мөлдір Әуелбекованың музыка халал ма, харам ба? - деп толғандырған сұрағына жауабын жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы