Мәсімов бірінші басшы ретінде тиісті шешімді қабылдамады - ҰҚК

Мәсімов бірінші басшы ретінде тиісті шешімді қабылдамады - ҰҚК
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҰҚК өкілі Марат Қалқабаев ведомствоның экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол құзырлы органдардың тергеуі барысында бәрі анықталғанын жеткізді.

"Алайда мен көп нәрсе айта алмаймын. Бірақ Мәсімов тиісті шешімді қабылдамады. Бірінші басшы ретінде өзі қабылдауы тиіс шешімдерді жасамаған. Сол себептен де ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Марат Қалқабаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Сонымен қатар, ҰҚК өкілі іс материалдарының деректері аса құпия сақталатынын мәлімдеді.

"Бұл істің деректері өте құпия сақталады. Ол бойынша толық ақпарат берілмейді. Мемлекеттік құпияны жария етпеу туралы заң бар. Қылмыстық іс "өте құпия" санатына жатқызылған", - деді Марат Қалқабаев.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК өкілі академия курсантының өз-өзіне қол салуына құмар ойын себеп болғанын мәлімдегені хабарланған еді.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова