Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды

Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды
Фото: pavlodarnews.kz

Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға 14 мамырда болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.

"Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды", - деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.

Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.

Назерке Саниязова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек