Александр Бублик Римдегі турнирдің үшінші айналымына өтті

Александр Бублик Римдегі турнирдің үшінші айналымына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Римдегі (Италия) "Мастерс" турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен (әлемнің 35-ракеткасы) ойнады.

Матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Есеп 6:4, 1:6, 6:2.

Бұл матчта Александр Бублик 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін (30%) пайдаланды. 

Александр Бублик келесі кезеңде әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Рууд немесе әлемнің 89-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнеш матының жеңімпазымен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан