Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды  

Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды  
Фото: polisia.kz

Махсұдхан Аблазимов Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Президент әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына  полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгін Қызылорда облысының активі өтті. Жиынға арнайы келген ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.

Полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимов 1962 жылы туған. 1990 жылы инженер мамандығы бойыша Қазақ политехникалық институтын бітірген, 2001 жылы заңгер мамандығы бойынша Орта-Азия университетін тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған. Жауапты басшылық қызметтерде болған. 2016 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының қызметін атқарған.    

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан