- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәрі қарапайым өтті"....
"Бәрі қарапайым өтті". Ерке Есмахан мен Райм заңды неке қиғандарын жариялады
Әнші Ерке Есмахан мен Райм заңды түрде неке қиды. Бұл туралы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, олар 4 сәуірде, Ораза кезінде некелерін қиған. Заңды некелері Түрксіб ауданының АХАТ бөлімінде қиылған.
"Ешкімді шақырмадық. 20 минутта бәрі қарапайым өтті. Неге бәрі тіпті қарапайым болды демеңіздер, біз үшін ең бастысы - отбасымыздың бақыты", - деп жазған әнші.
Олар арнайы дайындалмай, қарапайым киініп барған.
Еске салайық, Желіде бұған дейін Raim мен Еркенің арақатынасы туралы ақпарат тараған болатын. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, олар 2019 жылы да кездескен. Сондай-ақ, өнерлі жұп биыл неке қиды. Сырға салу рәсімі де өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова