"Денесінің бәрі қимылдап тұр". Балет билеген 70 жастағы ер адам Желіні тәнті етті

"Денесінің бәрі қимылдап тұр". Балет билеген 70 жастағы ер адам Желіні тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде балет билеген ер адамның видеосы тарады. Оның бұл өнері көпшілік тарапынан қолдау тауып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 100 мыңға жуық қаралым жинаған. Кадрлардан ер адам мерейтойлардың бірінде өнер көрсеткенін байқауға болады.

"70 жаста ағамыз", - делінген видеода.

@kuanysh_keneskhan

♬ оригинальный звук - Kuanysh Keneskhan

 Желі қолданушылары ер адамның өнеріне тәнті болып, тек жылы лебіздерін жазған.

"Тамаша", "Қандай әдемі", "Деніңіз сау болсын! Аллам ұзақ ғұмыр берсін!", "Өнердің адамы", "Мықты! Ұзақ ғұмыр берсін атамызға", "Керемет ұстаз, керемет адам", "Денесінің бәрі қимылдап тұр", - дейді пікір жазғандар.

Сондай-ақ, пікір жазғандар арасында видеодағы адам хореграф деп айтқандар бар.

"Алмат Мүшелбайұлы - мықты ұстаз, режиссер, хореограф", - деп жазған TikTok қолданушыларының бірі.

Massaget.kz тілшісі Алмат Құмаржановпен тілдесіп, қазір немен айналысып жүргенін сұрады. Оның сөзінше, еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірінде шәкірт тәрбиелеп жүр.

"Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті Хорегорафия бөлімінде дәріс беремін. Мамандығым - сол. Зейнеттемін, бірақ қазір сабақ беріп жүрмін", - дейді Алмат Құмаржанов.

Өнер иесі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған. 1978-1982 жылдары мемлекеттік өлең және би ансамблінің балет әртісі болған. Сондай-ақ, 1982-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқытушы қызметін атқарған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова