Таңертең білінеді. Дәрігер өкпе қатерлі ісігінің төрт белгісін атады

Таңертең білінеді. Дәрігер өкпе қатерлі ісігінің төрт белгісін атады
Фото: tbiliselebi.ge

Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері білінбейді. Өкпенің қатерлі ісігі - қатерлі ісіктердің ең жасырын және өлімге әкелетін түрлерінің бірі. Әдетте ауру жөтел арқылы белгі береді. Дегенмен, дәрігермен кеңесіп анықтауға болатын басқа да белгілері бар. 

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің маманы Анита Раджа Express-ке берген сұхбатында өкпенің қатерлі ісігі бар адамдар оянған бойда кейбір белгілерді байқайтынын айтады.

  • Қатты терлеу;
  • безгек сияқты сезім;
  • үш аптадан астам уақытқа созылатын құрғақ жөтел;
  • қан аралас қақырықтың пайда болуы.

Қосымша белгілер

Дәрігердің айтуынша, өкпе ісігі белгілерінің көпшілігі ауру асқынған сайын дамиды. Таңертең пайда болатын белгілерден басқа, ағзаның кейбір белгілері де ауруды көрсете алады:

  • уақыт өте асқынатын ұзақ жөтел;
  • тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциялары;
  • жөтелгенде қан түкіру;
  • тыныс алу немесе жөтелу кезінде ауырсыну;
  • тұрақты тыныс жетіспеушілігі;
  • тұрақты шаршау немесе энергияның жетіспеушілігі;
  • тәбет жоғалуы;
  • себепсіз салмақ тастау;
  • саусақтардың сыртқы түріндегі өзгерістер;
  • жұтынудың қиындауы (дисфагия);
  • кеуде сырылы;
  • дауыстың қарлығуы;
  • беттің немесе мойынның ісінуі;
  • кеудедегі немесе иықтағы тұрақты ауырсыну.

Мамандардың айтуынша, өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу қаупін азайту үшін ең алдымен темекі шегуден бас тарту керек. Бұл жаман әдет аурудың негізгі себебі саналады. Сонымен қатар, диетаға жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністерді қосу маңызды, бұл өкпенің ғана емес, кез келген қатерлі ісіктің даму мүмкіндігін азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ қауіпті азайту үшін улы «химиямен» жұмыс істегенде сақтық шараларын қолдану керек.

Қатерлі ісік тек темекі шегушілерде ғана болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін онколог дұрыс ұйықтамасақ, қандай қатерлі ісік түрлері дамитынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы