Қазақстанда теміржол билеттері арзандауы мүмкін

Қазақстанда теміржол билеттері арзандауы мүмкін
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың шекті деңгейін айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын зерделеді.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, нәтижесінде іс жүзінде жол жүру құжат бағасы қымбаттаған.

Осы нормативтік актіге биыл 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды. 

Қазір теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісу сатысында.

Прокуратура бастамашылығымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек