Медеудегі тау баурайында өрт шықты

Медеудегі тау баурайында өрт шықты
Фото: Видеодан алынған кадр

Медеудегі тау баурайында өрт шықты. Оқиға орнынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, "Іле-Алатау паркі" МҰТП, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында құрғақ және қураған ағаш өртенген. Оқиға орнында "Іле Алатау" МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сондай-ақ, бес техника жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда өрт шығып, 40 адам эвакуацияланғаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова