Айдай Исаева 800 миллион теңгелік пәтерін көрсетті

Айдай Исаева 800 миллион теңгелік пәтерін көрсетті
Фото: Instagram/aiday_issayeva

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева қымбат аудандағы 5 бөлмелі пәтерін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдыздың қымбат пәтері Алматының тау бөктерінде орналасқан. Ол жайлы қонысын "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көрсетті. 

Қазақ аруының айтуынша, бұл пәтерді орналасқан жеріне байланысты ұнатқан. 

"Бұл пәтердегі барлық жиһаз дайын тұрды. Біз тек көшіп келдік. Бірақ маған модерн стильдегі үй ұнайды. Бұл 10 жыл бұрынғы жөнделген үй. 10 жыл бұрынғы бағасы өзгерген жоқ. Қазір де 800 миллион теңгеге бағаланып тұр", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек