- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер шұбатты кімдерге...
Дәрігер шұбатты кімдерге ішкен пайдалы екенін айтты
Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында шұбатты кімдерге ішкен пайдалы екенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ақтоты Әуелбайқызының айтуынша, түйе сүтінің құрамында жас балалардың бойы және сүйегіне қажетті кальций және D дәрумені бар. Сонымен қатар ол қарт адамдарға, оның ішінде кальций жетіспеушілігі себебінен остеопорозға шалдыққан адамдарға және етеккір үзілісі келген (менопаузадағы) әйел адамдарға өте пайдалы екен.
Түйе сүтінің құрамы:
- pH 6,2-6,5аралығында (сиырда 6,5-6,7);
- Триглицеридтер 96%;
- Майы аз - 1,2-4,5% аралығында (сондықтан асқазанға жеңіл сіңеді, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдарға жақсы);
- Дәрумендер: А, В, D, E . С дәрумені сиыр сүтіне қарағанда - 3-5 есе жоғары (сондықтан үнемі түйе сүтін тұтынатын адамдар вирусты инфекциямен, оның ішінде Ковид те бар - жеңіл ауырып кетеді);
- Минералдар : Ca, P, Mg, Na және K;
- Ал - Zn, Cu, Fe и Mn- тың жоғары мөлшері кездеседі (Анемиясы бар адамдарға өте пайдалы).
Түйе сүтінің пайдалы қасиеттері:
1. Антибактериалды қасиет
Құрамында лактоферрин, лизоцим, лактопероксидаза, сутегі асқын тотығы және иммуноглобулиндер болуына байланысты бактерияларға қарсы әсер көрсетеді. Сонымен қатар ол гепатит В және С емдеуде қолданылады.
2. Антидиабетикалық қасиет
Құрамындағы инсулин тәрізді иммуноглобулиндер болуына байланысты 1-ші және 2-ші қант диабетінде, қандағы қант деңгейін төмендетуде, инсулинрезистенттілікте, липидті деңгейді жақсартуда қолданылады.
3. Антиоксидантты қасиет
Ағзадағы бос радикалдарды бір-бірімен байланыстырып, зиянды ионды металдарды хелаттау, яғни сыртқа шығару қабілетіне ие.
4. Гипотензивті қасиет
АПФ ингибирлеуші әсер көрсетеді, сәйкесінше ангиотензин 2-ні төмендетіп, ол қандағы тұз мөлшерінің азаюына, қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді.
5. Аутизмді емдеу
Мидың дамуын жақсартуда қолданылады. Ол құрамында лактоферрин, лизоцим және иммуноглобулиндер болуына байланысты.
Сонымен қатар, түйе сүтін асқазан-ішек жолдары ауруларында, сарғаю, анемия, көкбауыр ауруы, туберкулез, астма, геморрой, тағамдық аллергия және басқа да аурулар кезінде кешенді түрде қолданады.
Сүйек сорпасы қандай ауруға ем және пайдалы сорпаны қалай дайындау керек? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова