3,5 миллион теңге. Жетісу облысында бұрын сотталған ер адам ауылдасын тонады деген күдікке ілінді

3,5 миллион теңге. Жетісу облысында бұрын сотталған ер адам ауылдасын тонады деген күдікке ілінді
Фото: Tengrinews.kz

Жетісу облысында бұған дейін сотталған ер адам ауылдасын тонады деп күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл факт Панфилов ауданында тіркелді. 4 мамыр күні Сарыбел ауылының 47 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, ауылдасы тонағанын хабарлады.

Жәбірленушіден 3,5 миллион теңге ашық түрде алынған.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Дерек бойынша тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес (тонау) жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан