Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді
Фото: Тengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал, бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды. 

Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. 

Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. 

Тіркелу үшін: 

  • өтініш; 
  • ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі; 
  • техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.  

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. 

Айта кету керек, ҚР-ға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.


? https://t.me/KZgovernment

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина