- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Семейде ер адам...
Семейде ер адам әйелін өлімші етіп соққыға жыққан - фото
Фото:
Көрнекі сурет. Тұрар Қазанғапов
Желіде Семейдегі Бобровка ауылындағы жантүршігерлік жағдай туралы ақпарат тарады. Онда ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққаны жазылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Telegram-арнаның мәліметінше, әйел аты-жөнін жариялағысы келмеген. Оның айтуынша, күйеуі оны әлсін-әлсін соққыға жығып тұрған. Кейінгі рет соққыға жығылған әйел 2-мамырда миы шайқалғанын айтты.
Ол учаскелік полиция қызметкерлерінің ешқандай шара қолданбай, күйеуін жібере салатынын айтты.
Massaget.kz тілшісі бұл жағдайға қатысты Абай облысы Полиция департаментіне сауал жолдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек