Мамырда жеміс жеу не үшін қауіпті?

Мамырда жеміс жеу не үшін қауіпті?
Фото: pixabay.com

Мамырда көкөніс, жеміс жеу қауіпті болуы мүмкін. Санитарлық дәрігерлер жемістердің қаупі туралы ескертті. Қазір жемістер піскен секілді көрінгенімен, оны байқап жеу қажет. Әдетте көктемде алмалар, құлпынайларды химиялық қоспалармен өсіруі мүмкін. Нитрат басқа да заттар көп болған жағдайда уланып қалу қаупі жоғары, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көктемде жеміс-жидектің түр-түрі пайда болады. Бірақ оларды пісетін маусым басталмай жатып жеу қауіпті. 

"Ерте піскен жемістрден уланудан абай болу керек. Бұл олардағы пестицидтер мен нитраттардың рұқсат етілген мөлшерінен асып кетуіне байланысты болуы мүмкін. Кейбір өндірушілер тыңайтқыштарындағы нитраттардың рұқсат етілген деңгейден көп қолдануы мүмкін. Олар мұны әдемі көрінуі үшін және тез пісуі үшін жасайды", - дейді Абай облысының тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Әйгерім Мұсатаева.

Кейбір сатушылар жеміс қайда өскені және тыңайтқыш қолданылғанын не қолданылмағанынан да бейхабар болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина