- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйелдерге арналған ипотека...
Әйелдерге арналған ипотека қашан басталатыны белгілі болды
"Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінімдер 10 мамырдан бастап қабылданады. Бұл жайлы Отбасы банкі өзінің инстаграм парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұмай" әйелдер ипотекасының шарттары:
- Бастапқы жарна: айлық табысыңыз 550 000 теңгеден аспаса - 15%; Егер сіздің табысыңыз 550 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды.
- Бағдарлама бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны 30 млн теңгеге тең;
- Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 14,4% (СЖТМ 15,4%-дан бастап) және алдағы уақытта 3,5%-5% - ға (СЖТМ 3,6% - дан) дейін төмендейді;
- Несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін;
- Баспананы алғашқы және қайталама нарықтан таңдауға болады;
- Пәтерді жөндеуге берілетін несие көлемі - 3,7 млн теңгеге дейін.
Өтініш беру үшін банк бөлімшелеріне немесе банктің кеңес беру орталықтарына баруға болады. Сондай-ақ otbasybank.kz порталында онлайн тіркелуге болады.
Ескерте кетейік, "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша да өтінім қабылдау басталатынын жазған болатынбыз. Оның шарттарын мына жерден оқи аласыздар.
А. Жапатова