Ақтөбеде газ өңдеу зауытынан өрт шықты

Ақтөбеде газ өңдеу зауытынан өрт шықты

Ақтөбе облысындағы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауыты аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық төтенеше жағдайлар департаменті мәліметінше, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенген. Өрт кеше түстен кейін болған.

Хабар түскен бойда жедел штаб құрылып, аэровизуалды барлау жүргізілген. Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен "Семсер өрт сөндіруші" ЖШС-ның 50-ден аса өртсөндірушісі және 9 техника жұмылдырылды.

Күйік шалған 4 жұмысшы Темір аудандық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты.

Ал өртсөндірушілер бүгін таңғы сағат 6:20-да тілсіз жауды сөндірді. Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді жұмысы арқасында көлемі 520 тонна цистерналардың жарылуына және қызыл жалынның басқа нысандарға таралуына жол берілмеген.

Қазір өрттің ауданы мен шығу себебі анықталып жатыр.

Кәмшат Сексенбай

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz