- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 37 адам қайтыс...
37 адам қайтыс болған: СІМ шетелдегі қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты
2022 жылдың басынан бері шетелде қайтыс болған 37 ҚР азаматының денесі елімізге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі өкілдері шетелде жүрген қазақтарға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің сөзінше, Қазақстан азаматтары Конституцияға сәйкес еркін жүріп тұру құқығына ие. Сондықтан шет елдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар ҚР СІМ-ге өздері туралы ақпаратты хабарламайды.
"Оған қоса, көп жағдайда азаматтар консулдық есепке (ерікті рәсім) тұрмайды. Бұл фактор бірқатар жағдайда консулдық қызметкерлерге ҚР азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша жұмысын қиындатады. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің құқық қорғау және басқа да билік органдары "Дербес деректер және оларды қорғау" мен осы мәселені реттейтін басқа да ішкі заңдарын ескере отырып, шетелдік азаматтар туралы ақпаратты үшінші тарапқа беруден бас тартатынына назар аударамыз", - дейді министрліктің бапсасөз қызметі өкілдері ресми сауалға берілген жауапта.
Сонымен қатар, шетелде жұмыс істеп жүріп қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар елімізден құқықтық, материалдық тұрғыда қандай көмек берілетіні айтылды.
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері өз құзыреті шеңберінде және 1963 жылы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 5-ші тармағына және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299 Заңына байланысты, Қазақстанның консулдық қызметі өз жұмысын ҚР Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес, қазақстандық азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін шет елдерде қорғайды. Жалпы, консулдық қызметкерлер шет елдердегі отандастарымызға Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету мақсатында жәрдем көрсетеді", - делінген жауапта.
Одан бөлек, Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтардан қанша өтініш түскенін айтты.
"2022 жылы ҚР консулдық мекемелеріне отандастарымыздан 21 319 өтініш келіп түсті, олардың басым бөлігі қанағаттандырылды (99,8 пайыз). Олардың ішінде, 6 азаматқа қаржылық көмек көрсетілді, 12 азамат санавиациямен шетелден елге жеткізілді: Ресейден - 5 адам, Түркиядан - 1 адам, Оңтүстік Кореядан - 1 адам, БАӘ-ден - 1 адам, Қырғызстаннан - 1 адам. ҚР азаматтарының басым бөлігі шетелде тұрғылықты тұру және көшіқон тәртібін түсіндіруді, жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара ісқимыл жасауды, қажетті құжаттар немесе анықтамаларды рәсімдеуге қатысты құқықтық көмек көрсетуді сұрайды", - дейді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина