65 жастағы әкім 16-дағы қызға үйленіп, енесін министр етіп тағайындаған

65 жастағы әкім 16-дағы қызға үйленіп, енесін министр етіп тағайындаған

Бразилияда 65 жастағы әкім 16 жастағы қызға үйленіп, енесін әкімшілікке қызметке орналастырған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Араукария қаласында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындар жас жұбайлардың 50 жас аралығын да, әкімнің әйелінің анасы жергілікті муниципалитетке мәдениет және туризм министрі болып тағайындалуын да қызу талқыға түсірген. Тіпті бұл істі тергеуді прокуратура қолға алған.  

Басылым мәліметінше, қалыңдықтың анасы бұған Білім министрлігінде жұмыс істеген. Алайда қызметі де, жалақысы да төмен болған.  

Әкімдіктегілер бұл тағайындау "атқарушы билік басшысының қалауы бойынша, шенеунік лауазымды атқару үшін қажетті шарттарға сәйкес келеді" деп мәлімдеді.

"Аракаурия мэрі Хиссам Хусейн Дехайни Кауана Род Дехайни16 жасқа толғаннан кейін төрт күннен кейін үйленді. Бұған дейін алты рет үйленген әкім салтанатты рәсімнен бірнеше күн бұрын қалыңдықтың анасы Марилен Родені қаланың мәдениет және туризм министрі етіп тағайындады", - деп хабарлайды Daily Mail.

Прокуратура тергеуді бастағаннан кейін Марилен Роде уақытша қызметінен шеттетілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина