Қарағандыдағы мейрамханада төбелес шығып, 19 жастағы жігіт бір соққыдан мерт болды

Қарағандыдағы мейрамханада төбелес шығып, 19 жастағы жігіт бір соққыдан мерт болды

Қарағандыда 19 жастағы жігіт бір соққыдан кейін мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.  

Басылым мәліметінше, оқиға бүгін 02.30 шамасында жергілікті мейрамханалардың бірінде болған. 

"Жанжал барысында 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен бір ұрған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді қалалық полиция департаментінің өкілдері "Вечерняя Караганда" басылымына. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина