Қостанайлық әйел 3 жасар қызын үйде қалдырып, дүкенге кеткенде қайғылы оқиға бола жаздады

Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған, салдарынан анасы пәтерге кіре алмай қалған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Полиция қызметкерлері үйге балкон арқылы кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!